$ 448.56  478.03  4.79

Қытаймен шекаралас бекеттерге дене температурасын өлшейтін құралдар қойылған

Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласын дайын.
Фото: facebook.com/AkhmetovDanialkz
Фото: facebook.com/AkhmetovDanialkz

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес коноровирустан қорғанып, олардың таралуына жол бермес үшін ШҚО-да арнайы жедел штаб құрылды. Тіпті, шекара бекеттеріне дене температурасын өлшейтін құралдар қойылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"ҚХР-мен біздің облыстың шығыс бөлігі шектеседі. 2 ақпанға дейін "Бақты" және "Майқапшағай" кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. Қазіргі таңда екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын толық тоқтату мәселесі шешілуде.

ШҚО-да азаматтарымызды қауіпті аурудан қорғау үшін Шекаралық бекеттердегі санитарлық-бақылау пункттері тепловизорлармен жабдықталды. Бақты және Майқапшағайда 6 тепловизор бар. Семей және Өскемен әуежайларында жолаушыларды мониторингтен өткізу үшін үш тепловизор жұмыс істейді. Алдағы күндері "Ақтоғай" теміржол станциясын тепловизорлармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры жеткілікті. 12 400 қорғаныш костюмдері, 670 000 респиратор және 7 млн. бір реттік маскалар бар.

Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласын дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныш костюміне өтінім берілді.

Қытай шекарасынан ары-бері өткен азаматтардың денсаулық жағдайы мұқият бақылауға алынған.
Жағдай менің жіті бақылауымда", - деп жазды өңір басшысы Даниал Ахметов facebook-тегі парақшасында.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавируспен ауру фактілері тіркелмеген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары