$ 447.4  477.55  4.76

Көктайғақ Баку көшелерін үлкен мұз айдынына айналдырды (ВИДЕО)

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында ауа райының қолайсыздығы тұрғындарды әбігерге салып қойды деп жазады RT.

Қала көшелерінде пайда болған көктайғақ үлкен мұз айдынына айналып, көліктердің қозғалысын шектеп тастаған. Әзірге қанша жол көлік оқиғасының орын алғаны белгісіз. Автобустар мен жүк көліктері қырға шыға алмай қиналуда.

Естеріңізге салайық, дәл осындай жағдай желтоқсан айында Қостанайда да орын алған еді. Ол кезде қала көшелерінің бірінде конькимен сырғанаған жігіттің видеоролигі ТМД мен Еуропа елдеріндегі телеарналардан көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары