$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылған жоқ

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК арнайы өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Комитет өкілінің айтуынша, іздеу жұмыстары жүріп жатқан жерлерде ауа райы әлі де нашар: тұман, көру мүмкіндігі нашар.

Иманқұлов тікұшақты іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындардың да тартылғанын айтты. Іздеу жұмыстарына 18 топтың жұмылдырылғаны белгілі болды. Комитет өкілінің айтуынша, Ескелді ауданының Ақтұма ауылында байланысты қамтамасыз ететін және іздеу жұмыстарын ұйымдастыратын арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында тікұшақтың жоғалып кеткені жайлы хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары