$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус 2 метр қашықтықтан көз арқылы да жұғуы мүмкін

Вирустың алғашқы кезеңінде ауру жоғары температура, әлсіздік және құрғақ жөтел секілді белгілер бере бастайды.
Фото: scmp.com
Фото: scmp.com

Коронавирустың жаңа түрі адамға екі метр қашықтықтан және көз қабықшасы арқылы да жұғуы мүмкін. Бұл ақпаратты Қытайдың Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мамандары зерттеген. Зерттеу нәтижесінде, коронавирустың жаңа түрі әуе тамшыларымен өтуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 People's Daily газетіне Пекиндегі аурухананың жұқпалы ауруларды диагностикалау және зерттеу орталығының бас сарапшысы Ли Синван тың ақпарат жайлы мәлімдеген.

"Маска тағып жүрген дұрып, адамдармен жақын тұрып сөйлесуден сақтанған Вирус, тіпті, жанасу арқылы да жұғады. Мәселен, вирус түскен қолыңызбен көзіңізді сүртуіңіз мүмкін ғой. Вирустың алғашқы кезеңінде ауру жоғары температура, әлсіздік және құрғақ жөтел секілді белгілер бере бастайды. Науқастың дерті ауыр болса, тыныс алуы қиындайды, тіпті, тыныс алу жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Ал егер басқа аурулар болса, жағдай ушығуы ықтимал, - деп Ria.ru  қытайлық сарапшының сөзін осылай жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус