$ 494.87  520.65  4.91

Үйлену тойы мен жерлеу рәсімін өткізуге тыйым салынды

2020 жылы 2 ақпанға жоспарланған үйлену тойлары кейінге шегерілді.
Фото: russian.rt.com
Фото: russian.rt.com

 Коронавирустың таралуына орай, Бейжіңде жерлеу рәсімін өткізуге және 2.02.2020 күніне белгіленген үйлену тойын өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Russian.rt.com-ға сілтеме жасап.

Бейжіңнің азаматтық басқармасының басшысы Ли Ваньцзюн баспасөз конференциясында адамдарды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне тыйым салынғанын мәлімдеді. 

"Осы кезге дейін Бейжіңде жерлеу рәсімін өткізетін 12 бюро жұмыс істеп тұрған. Енді олар уақытша жұмысын тоқтатты. Өйткені, жерлеу рәсімі өткізілетін болса, ол жерге көп тұрғындар жиналады. Ал халықтың бір жерге жиналуы вирустың одан әрі өршуіне түрткі болмақ, - деді Ли Ваньцзюн.

Оған қоса, 2020 жылы 2 ақпанға жоспарланған үйлену тойлары кейінге шегерілді. Әсіресе, осы күні қытайлықтар көбірек некелесуге тырысады. Себебі, бұл күн Қытай тілінде бұл "мен сені сүйемін" деген мағынаны белдіреді екен.

Естеріңізге сала кетсек, түп-тамыры Қытайдан шыққан коронавирус қазірдің өзінде жүздеген адамның өмірін жалмап, көптеген тұрғындарға жұғып үлгерген. Тіпті, бірнеше елге тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары