30.01.2020, 15:00

Коронавирус: Қытайда бейтаныс адам тәртіп сақшыларына 500 бетперде әкеліп, қашып кетті (ВИДЕО)

Фото: freepik.com
Жас жігіттің бұл әрекеті желі қолданушыларына түсініксіз көрінді.

Тәртіп сақшыларына 500 бетперде сыйлаған жас жігіт із суытты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram-дағы @ztb_video парақшасына жүктелген видеодан бейтаныс жігіттің полиция бөлімшесіне бір қорап бетперде әкелгенін көруге болады.

«Бейтаныс адам Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясындағы полиция бөлімшесіне 500 қорғаныш бетпердесін алып келді де, тез арада қашып кетті. Полиция оның артынан жүгіргенімен, қуып жете алмады, бірақ артынан рахметін айтып үлгерді», - деп жазылған жазбаның астында. 

Жас жігіттің бұл әрекеті желі қолданушыларына түсініксіз көрінді, бірақ көбі "Қытай елінің басына қара бұлт төнгендіктен жас жігіт құқық қорғау органдарының қауіпсіздігіне алаңдаған ғой" деп болжап отыр.