Төменгі Новгородта такси жүргізушісі жолаушыны көліктен шығарып, ұрып жіберген. Бұл туралы жәбірленушінің күйеуі айтты, деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ер адамның айтуынша, оқиға 29 қаңтарда таңертең болған.
Оның әйелі сағат 8.30-да такси шақырып, келген көлікке отырған. Алайда жүргізуші сапардың оған пайдасы жоқ екенін айтып, қызға көліктен түсуін бұйырады.
Әйел қызуы қатты көтеріліп тұрғандықтан көлік жүргізушісінен басқасы келгенше күте тұруын сұраған. Осы сәтте жүргізушіні балағаттап, қорлай бастаған. Соңында, ол келіншекті көліктен күштеп шығарып, жерге бір-ақ лақтырған көрінеді.
"Яндекс такси" желісінің менеджері жүргізушінің жұмыстан босатылатынын мәлімдеп, оған тезірек полицияға хабарласу керектігін ескертті.
Оған қоса, "Яндекс такси" желісі жәбірленушіні қолдауға және ресми сұраныс бойынша сапар туралы барлық мәліметті беруге уәде берді.