$ 444.22  476.38  4.82

Қазақ футболшысы араб клубтарының біріне ауыспақ

Өткен маусымның соңында келісімшартының аяқталуына орай командадан кетті.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл Айн» командасына ауысып, сол жерде келісіпшартқа қол қояды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Спортыш әуелі медициналық тексерістен өтеді, сосын 5 айға арналған келісімшартқа отырады.

«Әл Айн» – БАӘ-нің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы араб командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетіп, «Реал» (Мадрид) командасына 1:4 есебімен жол берген болатын.

Бауыржан Исламхан Алматының «Қайрат» командасында 2013 жылдан бастап өнер көрсетіп келді. Өткен маусымның соңында келісімшартының аяқталуына орай командадан кетті. Осы жылдың басында Ресейдің «Зенит» командасының сапында оқу-жаттығу жиынын өткізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары