$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандыдағы мейрамханалардың бірін бопсалаған тұрғын ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

Астаналық мейрамханалар желісінің Қарағандыдағы филиалы өз клиентінің үстінен шағым айтып, полицияға арыз жазды. Олардың айтуынша, күдікті "тамақтың ішінен бөтен зат тауып алдым" деп, мейрамхана басшыларынан $5000 өтемақы талап еткен. Бұл жайында Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті - Астана қаласының 23 жастағы тұрғыны. Мейрамхана иелерінің айтуынша, тағамға ол бөтен затты өзі салған және суретін интернетте жариялаймын деп қорқытқан. Осылайша күдікті оңай жолмен ақша таппақ болған көрінеді.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ақша алып жатқан жерінен қолға түсірді. Қазір ол қамауда. Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 194 бабының 3 бөлімі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Оның айыбы дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары