$ 494.87  520.65  4.91

Жаңақорғанда сақ дәуірінің қорымдары құрылыс астында қалған

Электр, газ желілері тартылған кезде обалардың бірнешеуі бұзылып кетіпті. Бірақ жер қатынастары бөлімінің мамандары барлығын заң шеңберінде атқардық деп сендірді.
Фото: кадрдан скриншот
Фото: кадрдан скриншот

Жаңақорған ауданындағы «МАИ бекеті» деп аталған ықшам аудан маңында біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдыққа жататын 18 обаның бар екені осыдан 45 жыл бұрын ғарыштық түсірілімдер негізінде анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Археологиялық қазба барысында алтын бұйымдар табылған тарихи орынның өз деңгейінде қорғалмауына жергілікті жанашыр тұрғындар алаңдаушылық білдіріп отыр. Еліміздің бірнеше аймағынан «алтын адам» табылды. Жаңақорған кентінің маңындағы бұл жерден де алтын бұйымдардың қалдығы шыққаны рас. Сондықтан бұл қорымның тарихи маңызы жоғары дейді жергілікті тұрғын Ерубай Қалдыбек. 

 Бүгінде бұл маңда жеке тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандар бой көтеруде. Электр, газ желілері тартылған кезде обалардың бірнешеуі бұзылып кетіпті. Бірақ жер қатынастары бөлімінің мамандары барлығын заң шеңберінде атқардық деп сендірді. 

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметі бойынша бүгінге дейін жеке үйлердің арасында қалған 6 обаның ғана орны аршылып, зерттелген. Дегенмен, тағы бірнешеуі жаңадан салынған жол мен үйлердің астында қалып кеткенін жасырмады. 

"Арасында 2 оба бар, бірақ ол жердің үстінен жол түсіп, сосын үй салынып кеткен. Ол жерлерді аштыру қиындау болып тұр. Алтауын аштырып тұрмыз, 12 обамыз бар әлі аштыратын. Жұмыс жасаймыз, қаржы сұраймыз, қаржы берген жағдайда зерттету жоспарымызда бар", - дейді Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ажар Ахметова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қызылорда