$ 494.87  520.65  4.91

Теміртаудағы дүңгіршекте газ баллоны жарылып, 5 адам өртеніп кете жаздады

Дүңіршектегі өртте қалған сатушыны куәгерлер алып шыққан.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Теміртауда тағам сататын жылжымалы дүңгіршекте газ баллоны жарылды. Бес адам зардап шеккен, араларында төрт жастағы бүлдіршін бар, деп хабарлады КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дүңіршектегі өртте қалған сатушыны куәгерлер алып шыққан. Оқыс жайт түс мезгілінде болыпты. Дүңгіршекте газ баллоны жарылып, дем арада өртке ұласады. Сол сәтте тағам алуға кезекте тұрған үш ересек адам мен бір бүлдіршінді от шарпыған. Ауруханаға жеткізілгендердің беті мен аяқ-қолын күйік шалған. Дәрігерлер қарағаннан кейін төрт жастағы бала үйіне жіберілді. Өрт тез сөндірілгенімен, тілсіз жау көрші тұрған сауда орталығының қабырғасын шарпыған. Ондағылар апат бола сала, ғимараттан қашып шыққан. 

"Алғашында гүрс еткен дыбыс естідім, терезеден от жалынды көрдім. Сауда орындағы жарықты өшіріп, далаға қаштық. Жедел жәрдем жақын маңда болды-ау деймін, тез жетті. Полиция апат орнын қоршап, өрт сөндірушілер өртті жылдам өшірді", - деді Теміртау қаласының тұрғыны Иван Самойлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары