$ 483.23  534.74  5.12

Жемқорларды ұстауға көмектескен қазақстандықтар 11 млн-ға жуық сыйақы алады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды марапаттаудың жаңа жүйесі туралы қаулы қабылдады.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев адал қазақстандықтарды ақшалай ынталандыруды ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлағаны үшін азаматтардың ең жоғарғы сыйақысы 10,6 миллион теңгеден асады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды марапаттаудың жаңа жүйесі туралы қаулы қабылдады. Сыйақылар енді ЭЫДҰ елдеріндегідей сараланатын болады. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам сот үкімі шыққаннан кейін пара немесе залал сомасының 10%-ын ала алады. Сыйақының ең жоғарғы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгені құрайды", - деді ол өз сөзінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары