$ 494.87  520.65  4.91

Шашқа арналған нанопластика процедурасының зияны бар ма?

Нанопластика – шашты кератинді қалпына келтірудің бір түрі. Бұл процедура құрғақ, бұйра және тыңдамайтын шашты түзетуге бағытталған.
Фото: Irecommend
Фото: Irecommend

Салонда жасалатын шаш күтіміне арналған кератинді түзету, ботокс, ламинирлеу деген процедуралар бар. Соңғы жылдары олардың қатарына нанопластика процедурасы қосылды. Шаш күтімі жайлы көбірек білгісі келетін сұлуларға нанопластика туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік. 

Нанопластика – шашты кератинді қалпына келтірудің бір түрі. Бұл процедура құрғақ, бұйра және тыңдамайтын шашты түзетуге бағытталған. Нанопластикадан соң шаш жылтыр және күтімді көрінеді. Оның әсері жарты жылға дейін сақталады. 

Құралдың құрамында формальдегид жоқ. Сондықтан процедура кезінде өткір иіс шықпайды және күйдірмейді. Басқа да жағымсыз реакциялар орын алмайды. Процедураның еш қаупі жоқ. Сондықтан оны кез келген жастағы әйелдерге, жүкті және емізетін әйелдерге жасау рұқсат етіледі. 

Нанопластика процедурасының артықшылықтары: 

- Тиімді және жылдам нәтиже. Шаш күтімді көрінеді және мүлдем ұйыспайды; 

- Процедураның еш қаупі жоқ; 

- Нәтиже ұзақ сақталады; 

- Күнделікті шаш үлгісіне уақыт аз кетеді; 

- Түрлі термиялық және физикалық әсерден қорғайды; 

- Шаш қалпына келіп қана қоймай, сапалы түзетіледі. 

Нанопластика процедурасының кемшіліктері: 

- Шашты жиі жуу керек; 

- Процедура қымбат тұрады; 

- Процедура ұзақ уақытты алады; 

- Процедурадан соң шаш 1-2 тонға ағарып кетуі мүмкін. 

Нанопластика процедурасын қалай жасайды? 

1. Басты жақсылап жуады. 

2. Шашты кішкентай бөліктерге бөліп, оларға арнайы құрал жағады. Құрал барлық шашқа тию үшін тарайды. Содан соң құралды нұсқамада көрсетілген уақытқа қалдырады. Ол көбіне 1 сағатты құрайды.

 3. Уақыт өткен соң шашты жуып, фенмен кептіріп, үтікпен шашты түзетеді. Мұның барлығы 3 сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Нанопластикадан соң шашты бір күн жумау ұсынылады. Бұл процедурадан соң сульфатсыз сусабынмен жуынған жөн. 

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары