01.02.2020, 03:19

Қытайға туристік жолдама алғандар авиабилеттерді қайтара ала ма? - сарапшы жауап берді

Фото: Lada.kz
Билеттерді қайтару сатып алған жерде жүзеге асады.

3 ақпаннан бастап Қазақстан Қытаймен тұрақты әуе қатынасын тоқтатады. Осыған орай, ұлттық тұтынушылар лигасы қазақстандықтарға туристік жолдаманың авиабилеттерін қалай қайтару керектігін айтып берді, деп хабарлайды InAlmaty.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сатып алынған билеттерді туристік компанияның келісімшартында көрсетілген шарттарға байланысты қайтаруға немесе басқа күнге ауыстыруға болады. 

«Қытайға алдын ала тур пакетін сатып алған тұтынушылар оны қайтару үшін турагенттікпен байланысуы керек. Турагенттіктердің турды ауыстыру немесе қайтару үшін комиссия ұстау талаптары қазіргі жағдайда оның кінәсі болмағандықтан заңды », - деп түсіндірді қауымдастық.

«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының хабарлауынша, билетті қайтару үшін комиссия шамамен 12 мың теңгені құрайды.

Билеттерді қайтару сатып алған жерде жүзеге асады. Бұл жағдайда комиссия төлеудің қажеті жоқ, ақша толығымен қайтарылады.