Ресейдің бес облысының халқы 30-нан 31 қаңтарға қараған түні метеориттің құлаған сәтіне куә болды. Метеорит жергілікті уақыт бойынша түнгі 03:13-те құлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап.
Метеориттің құлаған сәтін Свердловск облысына қарасты Ирбит ауданының тұрғыны Илья Янковский видеоға түсіріп, Вконтакте әлеуметтік желісіне жүктеген.
Видеодан байқасаңыздар, метеориттің асқан жылдамдықпен аймақ үстінен ұшып бара жатқанын көруге болады. Құлдилай келе, ол ақырында қаттырақ жарқырай түскен.
Сайт дерегіне сүйенсек, метеориттің құлаған сәтін Свердловск облысының тұрғындарынан бөлек,
Түмен, Омбы, Челябі және Қорған аймақтарының да халқы тамашалап үлгеріпті.