«Қазгидромет» РМК ақпанның 2-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де болса антициклонның ықпалында. Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын жаумайды.
Елдің тек батысы, солтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың ықпалынан жауын-шашын болуы ықтимал. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейе түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жарма ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 27 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.