$ 448.15  483.46  4.86

Уханьда қалған 83 қазақстандық елге қайтарылды

Сапар барысында елге қайтып келе жатқан азаматтарды қазақстандық дәрігерлер бақылап отырған.
Фото: ТСН
Фото: ТСН

2 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Шұғыл медицина координациялық ұлттық орталығы Қазақстанның 83 азаматын елге жеткізді, олардың 80-і - Уханда оқып жатқан студенттер, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар барысында елге қайтып келе жатқан азаматтарды қазақстандық дәрігерлер бақылап отырған. 

"Денсаулығын тексергеннен кейін елге оралғандар елордадан 7 шақырым жерде орналасқан елордалық көпсалалы ауруханаға қарасты инфекцияға қарсы корпусқа 14 күнге карантинге жатқызылды", - деп жазылған хабарламада. 

Аурухана қажетті инфекциялық қауіпсіздік технологиясымен, заманауи диагностика, ем және реанимациялық құрылғылармен жабдықтылған. Мұнда эвакуацияланған тұрғындар қосымша тексерістен өтеді. Оларда коронавирус инфекциясының бар-жоғары тексеріледі. 

Карантин кезінде олармен инфекциямен күрес бойынша тәжірибесі бар медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус