$ 448.56  478.03  4.79

ШҚО-да екі бала қар астында қалып, біреуі өлі күйінде табылды (ВИДЕО)

Бұрқасын кезінде өзен жағасына қар қалың жиналған.

2 ақпанда ШҚО Шемонаиха ауданындағы өзен жағасында ойнап жүрген 4 баланың екеуі қар астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Бұрқасын кезінде өзен жағасына қар қалың жиналған.

Соның салдарынан қар үстінде ойнап жүрген 2004 жылғы балалардың біреуі қардың ортасына түсіп кетеді,  жанында жүрген замандастары оларды шығарып алу үшін көмек шақырған.

Дабыл алған құтқарушылар дереу оқиға орнына жетті.

«2006 жылғы баланы құтқарушылар, жедел-құтқару жасағының кинологиялық тобы, полиция және жергілікті тұрғындар жаппай іздеп жатыр. Жиналып қалған қалың қарды тазалау ісі де басталып кетті», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі.

Іздеу орнында ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дайыров Құрмаш та бар, ол қар өте тығыз екенін және басқа бөлігі сынып кету қаупі барын айтты.

«Осыған байланысты іздеу шаралары мұқият жүргізіліп жатыр. Іздеу кезінде ит баланың өлі денесін тауып алды. Ол қардың астына 3 метрлік жерге түсіп кеткен», - деді Нұрахметов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО