$ 487.37  532.94  5.09

Алматы қаласында 14511 мүшеқап заңсыз айналымнан алынды

Тәркіленген өнімдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоюға жатады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматы қалалық әділет департаменті ірі көлемдегі контрафакті заттарының көзін жоймақшы, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылдың аяғында құзырлы орган Алматы қаласынан Durex, Contex, Gusarsky деген тауар белгілерімен танымал контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымын алдын алу бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Тауардың ресми өкілдері тәркіленген өнімдердің контрафакті екенін растады.

"Тексеру шараларының нәтижелері бойынша Алматы қаласында жалпы сомасы 993 470 теңгенің 14 511 мүшеқабы заңсыз айналымнан алынды", - делінген Әділет департаментінің хабарламасында.

Тәркіленген өнімдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоюға жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мүшеқап