$ 443.85  474.3  4.8

Министр жалақыға қатысты жағымды жаңалық айтты

Ең төменгі жалақыны өсіру, бұл, ең алдымен, халықтың төлем қабілеттігі өседі деген сөз. Бұл жалақы шетелге кетпейді, азаматтар елде жұмыс істеп, тауар сатып алады, осылайша қаражат экономикаға, бизнеске қайта оралады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақыны көтерудің әртүрлі жолдарын қарастырып жатыр. Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қаралмақ. Бұл туралы ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

"Елдегі ең төменгі жалақыны көтеру керек. Қазір оны кезең-кезеңмен арттырудың түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Әзірге, 2023 жылға қарай Қазақстанда ең төменгі жалақы сол кезеңде қалыптасқан орташа жалақының 30 процентінен кем болмауы тиіс деген нұсқаны есептеудеміз.
 
Ең төменгі жалақыны өсіру, бұл, ең алдымен, халықтың төлем қабілеттігі өседі деген сөз. Бұл жалақы шетелге кетпейді, азаматтар елде жұмыс істеп, тауар сатып алады, осылайша қаражат экономикаға, бизнеске қайта оралады.

Мемлекеттік статистиканың мәліметінше, былтыр бізде халықтың жан басына шаққандағы табысы номиналды түрде 103 мың теңгені құрады. Дегенмен, бұл да төмен. Сондықтан министрлік өз алдына бірқатар міндет қойып отыр. Біріншіден, ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарастыру қажет", - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзінше, 2016 жылы ғылыми еңбек ұйымы зерттеу жүргізіп, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс шегін есептеу әдістемесі халықаралық стандарттарға сай деген қорытынды жасаған. Алайда, министр күнкөріс шегінің құрылымы мен мөлшерін қайта қарастыру қажет екенін жеткізді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары