$ 524.65  552.19  5.14

Мейрамханадағы жарылыс салдарынан бір әйел көз жұмды

Оқиға салдарынан 52 жастағы әйел көз жұмып, 31 жастағы тағы бір әйелді күйік шалған.

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы мейрамханалардың бірінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, бүгін сағат 15.50-де Сәтбаев қаласындағы «Әлия» мейрамханасында газ баллоны жарылып, өрт шыққандығы туралы ақпарат түскен. Оқиға салдарынан 52 жастағы әйел көз жұмып, 31 жастағы тағы бір әйелді күйік шалған.

«10 шаршы метр аумақта ас үй жиһазы мен ас үй жабдықтары өртенген. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 15:53-те сөндірілді. Оқиғаның алдын ала себебі – тұрмыстық газ құралын пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау», – деді ведомстводан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары