Жаңалықтар 03.02.2020 сағат 16:40

«Бәріміз де адамбыз» - Дариға Назарбаева

Бұл аса маңызды әрі ауқымды жұмысқа ең соңында бүкіл қоғамды тарту керек, бұл тек мемлекет пен әлеуметтік қызметтердің ғана міндеті емес.
«Бәріміз де адамбыз» - Дариға Назарбаева
Фото: www.instagram.com/senate_kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Д.Назарбаева инклюзивті білім беру деңгейінің төмендігі, дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымның жоқтығы туралы мәселе көтерді. Ол бұл жайлы Сенат Бюросының отырысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Парламентінің Сенатына сілтеме жасап хабарлайды.

Мүгедектігі бар адамдар құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы жұмысының нәтижесі туралы ақпарат күн тәртібіндегі бірінші мәселе болды.

Отырыс барысында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы мүгедектігі бар адамдар құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде 62 ұсыныс әзірленгенін атап өтті.

«Барлық ұсыныстардың 42-сі заңнамалық актілерге, 20-сы заңнан кейінгі актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болды», - деді М.Бақтиярұлы.

Сенат Төрағасы өз кезегінде жиналған ұсыныстарды баршаға ортақ талқылау үшін ақпараттық ресурстарда жариялау қажеттігін атап өтті.

«Заңдарды, нормативтерді, әдістемелерді жақсарту және осы құжаттарды жұмыс істету, жауапкершілікті күшейту үшін барлық мүмкіндікті жасау – Сіз бен біздің міндетіміз. Бұл аса маңызды әрі ауқымды жұмысқа ең соңында бүкіл қоғамды тарту керек, бұл тек мемлекет пен әлеуметтік қызметтердің ғана міндеті емес. Көп нәрсе әркімнің көзқарасына байланысты әрі бәріміз де адамбыз», - деді Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасы инклюзивті білім беру деңгейінің төмендігін, дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған қажетті инфрақұрылымның жоқтығын да атап өтті.

«Қалалық көлік те солардың қатарында. Біз бюджет қаржысын қалалық көлік сатып алуға жұмсайтын болсақ, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар да осы көлікті пайдалана алатындай тиісті техниканың болғаны міндетті болуы тиіс. Бұл теміржол көлігі мен әуе қатынасына да қатысты», - деді Палата басшысы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар