$ 498.34  519.72  4.85

Жыл басталғалы ОҚО-да 12 адам ыстан уланып қайтыс болған

Облыста жыл басына бері уланудың 9 оқиғасы тірелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артық. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Александыр Путейко мәлімдеді деп жазады Otyrar.kz.

Төтенше жағдай мамандары уланудың салдарынан 24 адам зардап шегіп, 12-сі көз жұмған дейді. Оның төртеуі — балалар. Соңғы 7 оқиға көмірмен жылытатын пештердің ақауынан орын алса, 2 оқиға табиғи газдың шығуынан болып отыр.

Мамандар бұл жағдайларға желдеткіш жүйелерінің бұзылуы мен газ құбырларының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған дейді. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарды газ қазандықтарын жөндеуде тек мамандарға ғана жүгінуге шақырады.

Өңірде өрт оқиғалары да өршіп тұр. Жыл басынан бері өрт сөндіру қызметінің мамандарына 100-ден аса дабыл түскен. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Ал былтыр облыс аумағында 866 өрт оқиғасы тіркеліпті. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық дейді жауаптылар.

Оқыс оқиғалардың дені жеке тұрғын үйлерде болған. Төтеншеліктер электр желілерінің тұйықталуы мен өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарының сақталмауы сан соқтыратын жағдайларға әкеп тірейді дейді.

Департамент басшысы төтенше оқиғалардың алдын алу шараларына күш салатынына сендірді. Айтуынша, биыл үгіт насихат жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі де артып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары