$ 498.34  519.72  4.85

Qatar Airways азаматтық авиациядағы ең ұзақ бағытты ашты

Катарлық әуе компания әлемдегі ең ұзақ әуе бағытын ашты. Енді ел астанасы Дохадан Австралиядағы Окленд қаласына дейін компания ұшақтары тоқтаусыз 18 сағат 34 минутта ұшып бармақ.

Әуе компаниясы ресми өкілінің айтуынша, жуырда Доха-Сантьяго (Чили) бағытындағы рейс те іске қосылады. Бұл да жер бетіндегі ең ұзақ бағыттардың біріне айналмақ.

Дохамен Оклендтің арасындағы қашықтық 11 313 шақырым. Бұл қазіргі ең ұзақ Сидней-Даллас бағытынан 800 шақырымға ұзақ екен. Әлемдегі ең ұзақ бағыттағы рейсті жүзеге асыруға Boeing 777-20LR ұшақтары пайдаланылатын болады. 

Айта кетейік, катарлық әуе компаниясымен әлемнің барлық бұрышына 144 бағытпен ұшуға болады. Ол әлемнің бес құрлығына да бағыт ашқан бірден-бір компания, және британиялық Skytrax агенттігінің рейтингінде бес жұлдызға ие болған әлемдегі жеті компанияның бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары