Алматы облысы Талғар ауданында сел шығарындысының салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды skifnews.kz.
ҚР ТЖМ тікұшақтарымен және жаяу жүру арқылы (ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының еріп жүруімен) «Спутник» сауықтыру лагерьлерінен адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Қазіргі уақытта балалар лагерінде болу мерзімінің аяқталуына байланысты 119 бала лагерьден шықты, сондай-ақ ҚР ТЖМ авиациясы 93 демалып жатқан баланы эвакуациялады. Қазіргі уақытта лагерьде 21 бала қалды, олардың лагерьде болу мерзімі 22 шілдеде аяқталады.
Тікұшақ алаңында медицина қызметкерлері мен Алматы облысы ТЖД психологтары кезекшілік жүргізуде, АІІБ бекеттері орнатылды. Жергілікті атқарушы органдар адамдарды тұрғылықты жерлеріне тасымалдап, жеткізіп салу жұмыстарын ұйымдастырды.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ «Спутник» сауықтыру лагеріне электр генераторлардың жұмысы үшін 500 литр жанар-жағармай жеткізілді. Азық-түлік өнімдерін жеткізу ұйымдастырылды. Оқиға орнында дәрігерлер, құтқарушылар, АІІБ қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар кезекшлік етуде.
«Спутник» жазғы лагеріне дейін тазалау және топырақ төсеу жұмыстары (жалпы 175 жерге топырақ төселді, 200 машина топырақ жеткізілді), «Талғар» бөгенінен экологиялық бекетке дейінгі жол (800 метр) кеңейтілді.
Барлығы ҚР ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардан 137 адам мен 149 бірлік техника, сондай-ақ 3 тікұшақ жұмылдырылды.
Талғар өзені бойындағы жағдай қалыпты. Көлдегі су көлемі азайып, 50 текшеметрге жетті, мұздақ ағыны жоқ. 19 шілдеде жүргізілген аэровизуалды ұшып өту нәтижелері бойынша зерттеліп жатқан аумақтағы жағдай қалыпты, сел ағының қайта орыналу қаупі жоқ.