$ 498.51  522.84  4.81

«Эйр Астана» Киевке ұшуларын қайта жандандырды

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының Украина аумағындағы апатынан кейін «Алматы-Киев-Алматы» бағытында ұшуын сәтті орындады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі таратып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Ұшу кезінде ұшақ бортында 128 адам болған. Бұдан сәл ертеректе Украинаға солтүстік бағыт бойынша қатынайтын барлық рейстер ол аумақта әскери қақтығыстардың жүріп жатуына байланысты тоқтатылған болатын. Алматы-Киев-Алматы" рейсінің ұшуына рұқсат кеше, 20 шілдеде кешкілік келіп түсті. Қалған рейстердің ұшуына рұқсат беру екі арадағы келісімнен кейін белгілі болады», делінген компания таратқан мәліметте.

Еске салсақ, Амстердам-Куала-Лумпур бағытында ұшып шыққан Malaysia Airlines компаниясына тиесілі ұшақ Украина аумағында апатқа ұшырап, борттағы 298 адам түгел қайтыс болған еді. Ұшақтағы жолаушылардың басым бөлігі Голландия азаматары екендігі анықталған-ды.

Украинадағы ұшақ апатынан кейін қазақстандық әуе компаниясы Киев арқылы, сонымен қатар жалпы Украина арқылы ұшпайтындықтарын мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары