$ 449.58  486.94  4.86

Уханьнан тағы 8 қазақстандық эвакуацияланды

Ұшаққа отыру кезінде Қазақстан азаматтары қосымша медициналық тексерістен өтіп, олардың арасында ыстығы немесе коронавирус белгілері бар адамдар болған жоқ.
Фото: Комсомольская правда
Фото: Комсомольская правда

Уханнан Ресей мен Өзбекстанға сегіз қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Ресей мен Өзбекстанның арнайы ұшағымен Қытайдың Ухань қаласынан тағы 8 азаматымыз эвакуацияланды. Біздің бес азамат Ташкентте екі аптаның ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, ал қалған үшеуі Түменде", - делінген хабарламада.

Эвакуацияланғандардың арасында бұрын ыстығы болғанына байланысты ҚХР эпидемиологиялық қызметі босатпай қойған Яньцзы университетінің 1-курс студенті де бар. Ұшаққа отыру кезінде Қазақстан азаматтары қосымша медициналық тексерістен өтіп, олардың арасында ыстығы немесе коронавирус белгілері бар адамдар болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус