$ 498.34  519.72  4.85

Бір түнде жеті әйелді сарышаян шаққан

Соңғы үш жағдай Жаңаөзенде тіркелген, онда да әйелдер зардап шеккен.
Фото: popmech.ru
Фото: popmech.ru

Маңғыстау облысында бір күнде жеті адамды сарышаян шаққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендер - әйелдер. Бірінші болып Бейнеу ауданының тұрғыны хабарласқан. Ол өзі жүктіліктің 22-айында екен. Жүктілікке қауіп болуы мүмкін деген болжаммен орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. 

Бейнеу ауданының тағы бір тұрғыны, 1973 жылғы әйел медициналық көмекке жүгінген. Үшінші жағдай (1985 жылғы әйел) Боранқұл ауылында болған. 

Төртінші жағдай: Қарақияқ ауданы Құрық ауылында 1963 жылғы әйелді сарышаян шаққан. 

Соңғы үш жағдай Жаңаөзенде тіркелген, онда да әйелдер зардап шеккен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары