$ 444.22  476.38  4.82

Измир-Стамбул бағытындағы ұшақ өртке оранды: қайтыс болғандар бар

Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.

Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Стамбул бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Анадолы агентігінің мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан 179 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болған.

Pegasus Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Измир-Стамбул бағытында ұшқан. 

Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дереу сөндіріп үлгерді. Жолаушылар эвакуацияланды. 

Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен. 

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Жахит Турханның айтуынша, ұшақ бортында 177 жолаушы (екі боланы қосқанда) және алты экипаж мүшесі болған. 

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, зардап шеккен 179 адамға медициналық көмек көрсетілді, оқиға кезінде үш адам қайтыс болды. 

Қазір ұшақ апатын тергеу басталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары