$ 494.87  520.65  4.91

Президент әкімшілігі жанынан жаңа орталық құрылды

Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Президент әкімшілігі жанынан "Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы" құрылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР-ның президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

 Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын. Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді.

Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.

Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары