Жаңалықтар 07.02.2020 сағат 12:20

«Тоқаевты тыңдар құлақ жоқ» - сенатор

Көзбояушылық пен формализм көп.
«Тоқаевты тыңдар құлақ жоқ» - сенатор
Фото: Kapital.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

“Жалпы, әр түрлі деңгейдегі әкімдер мен министрлердің алқалық есептерінің форматтарын мүлдем өзгерту керек” – дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.

 Оның пікірінше әкімдер мен министрлердің жалаң құрғақ есептері мен толып жатқан қасаң цифрлары, алдын ала дайындап қойған сөйлеушілері мен сұрақ қоюшылары, сала бойынша кемшін мәселелер, оны шешудің жолдары аз айтылады. Көзбояушылық пен формализм көп.

“Өткен аптада екі министрліктің алқасына бір топ әріптестермен қатыстым. Өңірлерден кемінде екі мыңдай мамандар шақырылғанын көрдік. Бірақ шалғай ауылдардағы, аудандардағы мәселелер туралы келген адамдардың пікірлерін ести алмадық. Ал онда қордаланған дүние бастан асады.

Тек министрлер мен оның орынбасарлары күнделікті айтылып жүрген жайларды тізбелеп айтып бергендей әсер қалдырды. Мұндай жиналыстан қандай тиімділік күтуге болады? Қатысқан әріптестерім де осы пікірде болды. Тек екі министрлік бойынша екі мың адамның Нұрсұлтан қаласына екі күнге іс – сапармен келіп кетуі кемінде тәулігіне әрқайсысы 60 000 мыңнан деп есептесек, екі күнге екі мың адамға 120 млн. теңге қаражат шығады екен. Қаржы тапшылығы жағдайында осы қажет пе? Онлайн жүйеде жасауға да болады ғой. Президентіміз керексіз шығынды азайтыңдар деп үнемі айтумен келеді. Өкінішке орай, тыңдар құлақ жоқ сияқты”, – дейді Мұрат Бақтиярұлы. 

Дереккөз: Dalanews.kz 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар