$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ күресіне қатысты мәселелер зерттеліп, даму картасы жасалады» - Дәурен Абаев

Ол жерде әрбір әдіс бүге-шүгесіне дейін видеомен көрсетіледі.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

 Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясының президенті  әрі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев федерацияның 2020 құрған жұмыс жоспарының шет-жағасын айтты. Оның ішінде, зерттеуші ғалымдар тобына Қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырғанын жеткізіп және ұлттық күресті қазақстандық медианың басты тақырыбына айналдыру жай пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазір Қазақ күресінің атауын өзгерту мәселесі жиі талқыланып жүр. Осы ретте біз зерттеуші ғалымдар тобына Қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырып отырмыз. Сонымен қатар, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар жарық көреді.

Қазақ күресінің ережесі жинақталған видеонұсқаулық түсіріліп жатыр. Ол жерде әрбір әдіс бүге-шүгесіне дейін видеомен көрсетіледі. Оны барлық бапкерлер мен спортшылар, тіпті, шалғай ауылдардағы тұрғындар да көріп, жаттығуға пайдалануға болады. Жыл аяғына дейін барлық өңірлердегі Қазақ күресіне қатысты мәселелер зерттеліп, даму картасы жасалады. Соған сәйкес жұмыс жоспарын толықтырып отырамыз.

Біз ұлттық күресті әлемге таныту үшін өз еліміздегі насихатын күшейтуіміз керек. Осы жерде БАҚ өкілдерінің жұмысы біз үшін өте маңызды. Ұлттық күресті қазақстандық медианың басты тақырыбына айналдыру арқылы біз әлемдік биікке жақындаймыз», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 Министр қазақтың төл спортын әлемге танытуда әрбір қазақстандық өз үлесін қосар деген сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол федерация өткізетін биылғы турнир жайлы баян етті. Атап айтқанда, биыл Қазақстанның барлық аймағынан балалар арасында «Бала балуан» республикалық турнирі (Нұр-Сұлтан, «Жекпе-жек» сарайы, 18 сәуір), «Халық Барысы» республикалық турнирі (Алматы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені), 30-31 мамыр аралығында «Қазақстан барысы» республикалық турнирі (Нұр-Сұлтан қаласы «Жекпе-жек» сарайы, 4 шілде), ересектер арасында ҚР чемпионаты (Атырау қ. 9-13 қараша), «Еуразия барысы» әлем кубогы (Алматы қ. «Алматы Арена» мұз сарайы, 2 желтоқсан) өтеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары