$ 494.87  520.65  4.91

Сарышұнақтар індерінен шығып, «көктем ерте келеді» деген белгі берді

Сырдария-Түркістан мемлекеттік жергілікті табиғат саябағының қызметкерлері олардың ұйықыдан ерте оянуына жылы кезең әсер етті дейді.
Фото: rg.ru
Фото: rg.ru

Оңтүстік Қазақстанның даласын мекендейтін сарышұнақтар ақпан айында қыстық ұйқыдан оянды. Осылайша дала жануарлары көктем ерте келеді деген белгі берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Негізі сарышұнақтар наурыз-сәуір айларында оянады екен. Оның өзінде кеміргіш аңдар жер құрғағанда бірақ індерінен шығады. Зоологтар бұл жануарлардың ылғалдылықты сүймейтінін айтып отыр. Сырдария-Түркістан мемлекеттік жергілікті табиғат саябағының қызметкерлері олардың ұйқыдан ерте оянуына жылы ауа райы әсер етті дейді.

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде ақпан айында жарып шыққан бәйшешектер жайлы да айтылған еді. Көктемнің алғашқы белгісі болып саналатын гүлдердің суреті әлеуметтік желіде жаппай тарап кеткен. 

Атап айтарлық жайт, қазір Шымкент қаласында ауа райы +3 градусқа дейін жылынған. Синоптиктер алдағы демалыста бұл көрсеткііш +15 градусқа дейін көтерілетіндігін айтуда. 

Сарышұнақтардың ерте оянуын АҚШ тұрғындары да байқаған. Олардың да сенімінде бұл жануарлардың індерінен ерте шыққаны көктемнің жақындағанын көрсетеді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары