$ 444.22  476.38  4.82

Қарағандылық кәсіпкер банктің 547 миллион теңге несиесін қайтармаған

Облыстық полицейлер қаладағы банктердің бірінен жарты миллиард теңге несие алған кәсіпкердің қылмысын анықтады деп жазады total.kz.

2009-2013 жылдары банктен 10 миллион теңгеге жуық несие алған кәсіпкер банк басшылығының сеніміне кіріп, VIP-клиенттердің біріне айналған. 

Облысқа кабель жүйелерін тартумен айналысамын және аймақ деңгейінде монополистпін деген ол, жалған құжаттар жасаған. Кейіннен 547 миллион теңге несие алған. ал, оның қарызын қайтару үшін банк қызметкерлері жарты жыл артынан жүгірген.

Облыстық ІІД тергеушілері жедел топ құрып, 30-ға жуық куәгерден жауап алды. Экономикалық және бухгалтерлік сараптамалар жүргізіліп, күдіктінің бар кінәсі дәледенді. Енді ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып, 400 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Қазір кәсіпкердің бар мүлкі бұғатталып, қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотына жолданды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары