$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да сотталушы түрме ішінен кәсіп ашқан

Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатқан азамат түрме ішінде өз кәсібін ашқан. Енді ол абақты ауласында көкөніс өсіріп, оны бостандықта жүргендерге сатпақ. Бұл туралы yk-news.kz хабарлады. 

Белгілісі, кәсіпкерге түрме әкімшілігі 240 шаршы метр жер бөліпті. Сотталған азамат осылайша мемлекет пен жәбірленуші алдындағы қарызын қайтармақшы. 

Қылмыстық атқару департаментін өкілдерінің айтуынша, биыл сотталушылар тарапынан мемлекет пайдасына үлкен көлемдегі қаржы өндірілген.

Айта кететін жайт, бұған дейін Семейде экстремизм бабымен сотталған азамат ҚР Білім және ғылым министрлігінің механика және машина жасау институтымен келісімшартқа отырып, ЭКСПО көрмесінің жұмысына қатысуға ұсыныс берген ғылыми топтың құрамына кірген болатын.

Түрме әкімшілігі таратқан ақпаратқа сай, мұнда қолынан іс келетін азаматтармен жеке компаниялар тығыз жұмыс істейді. Қолөнер мен өзге де бұйымдарды сатып алып, оны сауда орындарда сатумен айналысады. Ал, жазасын өтеушілер жалақы алып, абақты ішіндегі дүкеннен өздерін қажетті заттармен қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары