$ 444.32  473.33  4.76

Жамбыл облысында көліктер соқтығысып, бес адам қаза тапты

Өткен сенбіде «Тараз-Ақкөл-Үшарал» көлік жолының 34 шақырымында «КамАЗ-5511» маркалы жүк көлігімен ВАЗ-2106 автокөліктерінің соқтығысу оқиғасы орын алған, деп хабарлайды skifnews.kz.

Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолкөлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болған.

Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша апат салдарын анықтау бойынша автотехникалық және сот медициналық сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары