01.02.2016, 01:49

Экстремистік көзқарастағы тағы бір қазақстандық Саудия корольдігінде қолға түсті

Қазақстан азаматы Сауд Арабиясында терроризм бойынша күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Saudi Gazette елдің құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Соңғы аптада, дереккөздің мәліметінше, Сауд Арабиясының билігі терроризмге қатысы бар делінген 33 күдіктіні ұстады, олардың ішінде АҚШ-тың тоғыз азаматы, екі сириялық, индонезиялық және филиппин бар. Сонымен қатар, ұсталғандардың арасында Сауд Арабиясының 14 азаматы, Йеменнің үш тұрғыны, БАЭ-ның бір азаматы және палестиналық бар делінеді. 

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсан айында Сауд Арабиясының қауіпсіздік органдары Қазақстанның бес азаматын террорлық ұйымдарға қосылуға әрекет жасады деген күдікпен ұсталған еді.