$ 448.15  483.46  4.86

Депутат «Ассамблеяны жабу керек» дегендерге сәлем жолдады

Мурадов қазір Ассамблея Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетудің жолын таңдап жатқанын айтты.
Фото: yujanka.kz
Фото: yujanka.kz

Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов Қордайдағы трагедиядан кейін әлеуметтік желілерде Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек деген кейбір қазақстандықтарға сәлем жолдады, деп хабарлайды Sputnik.

Халқының басым бөлігін дүнгендер құрайтын Масанчи ауылындағы қақтығыстан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын сынға алған болатын. Желі қолданушылары "Ассамблеяны жабу керек" деп санайды.

Фото: Youtube

Қазақстандықтардың бұл сыны Ассамблея атынан сайланған депутат Ахмет Мурадовтың ашуын келтірді.

"Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек дегендерге менен сәлем жолдаңыз. Ассамблеяны жапқысы келетін сыншыларды бізге келіп, бірге жұмыс істеп, біз жасап жатқан дүниелерді жасап көруге шақырамын. Қазақстан халқы Ассамблеясы өз бетімен өмір сүретін қандай да бір жеке бөлім емес", - деді Мурадов.

Ассамблея тек жиын-тойлармен, концерттермен шектеледі деген сынға қатысты депутаттың берген жауабы былай болды:

"Түрлі мерекелер, фестивальдер мен концерттер ұйымдастырып жататынымыз рас. Ал енді басқаша біз бір-бірімізді қалай танимыз? Бірақ, ортақ міндет, ұлттық мүдде, мемлекеттік бағдарламалар - бәріне бірдей, ортақ", - деді ол.

Мурадов қазір Ассамблея Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетудің жолын таңдап жатқанын айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары