$ 514.65  544.6  5.17

Қордайдағы қақтығыс: Бердібек Сапарбаев тың дерекпен бөлісті

Сондай-ақ, ол қаза болғандардың санын тағы бір рет нақтылап, ведомствоаралық комиссияның ресми ақпаратын негізге алуға шақырды.
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғадан кейін 25 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздік, оған үндеу, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкілдеріне күш көрсету, мүлікті зақымдау, сондай-ақ, заңсыз қару дайындау фактілері бойынша 25 қылмыстық іс тіркелді", - деді Сапарбаев Сортөбе ауылында өткен брифингте.

Вице-премьер бас прокуратура ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол қаза болғандардың санын тағы бір рет нақтылап, ведомствоаралық комиссияның ресми ақпаратын негізге алуға шақырды.

"Басты міндет – ұйымдастырушыларды, арандатушылар мен кінәлілерді табу. БАҚ-та көз жұмғандарға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Қазіргі таңда 10 адам қаза болды", - деді Сапарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары