Африка мен Таяу Шығыс елдерінен Еуропаға қоныс аударған 10 мың мигранттың балалары із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы Лента.ру хабарлап отыр. The Guardian басылымына Еуропол берген мәліметке қарағанда, балаларды құлдыққа сатып жіберуі мүмкін.
Еуропалық полицияның басшысы Брайан Дональдтің сөзінші бір ғана Италияның өзінде 5 мыңға жуық бала жоғалып кеткен. Ал, 5 мыңы Швеция мен Ұлыбританияның арасында хабарсыз кеткен. Ол жоғалған балалардың қазір қандай күйде екенін білмейтіндіктерін мойындады.
Сондай-ақ, Венгрия мен Германияда мигранттардың балаларын жыныстық мақсатта саудалап, түрмеде отырғандар да көп.
Айта кетейік, 2015 жылы Еуропаға миллионнан астам мигрант келген. БҰҰ-ның мәліметінше 2016 жылы "кәрі құрлыққа" келушілер саны 2 миллионнан асуы мүмкін. Ал, Еуроодақ болса 3 миллионға жуық мигрант келеді деп қауіптеніп отыр.