$ 448.15  483.46  4.86

Қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық 1 тонна ет тәркіленді

Қазақ-қырғыз шекарасында шекарашылар бір тоннаға жуық қой етін өткізбек болған 34 жастағы қырғыз азаматы ұсталды деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері.

Күдікті Қордай шекара отрядының «Қарасу - авто» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға 38 қорап етті заңсыз алып өтпек болған. Шекарашылар қораптағы етті өлшегенде жалпы салмағы 900 келіден асты.

Күдікті азаматқа қатысты материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ветеринарлық қызметіне берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары