$ 494.87  520.65  4.91

Астана әкімдігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Елордалық әкімдік қызметкерлері 1 ақпаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап sn.kz хабарлайды.

2016 жылғы 1 ақпаннан бастап Астана қаласының барлық атқарушы органдарының қызметкерлері сағат 8.30 - 18.00 дейін жұмыс істейтін болады. Түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін. Астана қаласы әкімінің өкімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған.

Астанада бұған дейін көшелерге түсетін жүктемені азайту жөніндегі мәселені шешудің баламасы ретінде қалалық мекемелер мен ұйымдарда жұмыс кестесін өзгерту мәселесі қаралған болатын.

Мұндай өзгерістер қалалық әкімдікте, «Сарыарқа», «Алматы», «Есіл» аудандарының әкімі аппараттарында және қалалық басқармаларда орын алмақ. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары