Коронавирустың ошағына айналған Қытайдың Бейжің қаласынан тағы 217 қазақстандық елге оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін 1 ақпан күні Уханьнан санавиация көмегімен 83 отандасымыз елге қайтарылған болатын. Енді Қытайдан келушілердің саны тағы да арта түсті. 217 қазақстандықтан өзге, Қырғызстанның - 18, Беларусьтің - 5, Арменияның бір азаматы эвакуацияланды. Абырой болғанда, олардың ешқайсысынан да короновирус белгілері табылмаған.
"Бүгін таңғы сағат 6:05-те Бейжіңнен 217 қазақстандық жеткізілді. Олар барлығы арнайы медициналық ұйымға орналастырылуда. Араларында науқастар тіркелген жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында.
Айтпақшы, олап карантин аймағынан эвакуацияланбағандықтан, үш күнге карантинге жабылады.
Қазір кезең-кезеңмен өткен екі ел арасында жолаушылар тасымалы тоқтады. Осы жұмыстар үшін үкіметтен қосымша қаржы бөлінген.