Қордай ауданында қария мен балаларын ұрып-соққандар ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Бердібек Сапарбаев баспасөз мәслихатында айтты. Одан журналистер: «Қарияның екі баласын ұрып-соққандар туралы ақпарат болды, олар ұсталды ма? Қандай жазаға тартылады?» - деп сұрады.
"Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Олардың қалай жазаланатыны тергеу аяқталып, сот үкімі шыққанда анықталады. Кеше бізге полицейлерді ұрып-соққандар туралы да сұрақ қойылды. Олар да ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", – деп жауап берді Сапарбаев.