$ 447.4  477.55  4.76

Швейцарияда Абай мен Әл-Фарабидің суреті бар маркалар шықты

Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар, компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Швецариядағы Қазақстан Елшілігі Абай Құнанбаев пен Әбу Насыр әл-Фарабидің суреті бар пошта маркаларын шығару туралы бастама көтерді. Бұл бастама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайлы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Фото: 24kz

Шығарылған пошта маркаларын елшілік қызметі күнделікті іскерлік хат алмасу барысында қолданады. Оған қоса, елшіліктегілер маркаларды естелік ретінде сол елде тарату мақсатында келіссөздер жүргізіп жатыр.

Швейцарияда бірнеше рет халықаралық филателиялық көрмелер өтіп, бұл мемлекеттің поштасы мен пошта маркалары – елдің басты брендтерінің бірі. SwissPost маркалары коллекционер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 миллиард хатқа дейін жетеді.

Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің қарқынды дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар, компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары