$ 449.58  486.94  4.86

«Өмірімді бұрмалап көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім» - Сара Алпысқызы

"Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — деп еске алған еді ол.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы - Сара Алпысқызының туған күні. Ол 79 жасқа толып жатыр.

Сара Алпысқызы бес жасынан жетім қалып, ата-ана қамқорлығын сезіне алмай бойжетеді. Бала кезіндегі жарасы жанына батқан ол "Бөбек" қорын ашып, өзге балалардың қамқорлықты сезініп өсуіне ықпал еткісі келген.

1962 жылы ол Нұрсұлтан Назарбаевпен отбасын құрып, бір жылдан кейін Дариға есімді қыз дүниеге келеді. Бұдан кейін 1967 жылы Динара және 1980 жылы Әлия есімді қыздар туады. 

"Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — деп еске алған еді ол.

Сара Алпысқызы 1992 жылы ана мен баланы қорғауға, жетім балаларды қамқорлыққа алып, олардың толыққанды білім алуына жәрдемдесетін "Бөбек" қорының негізін салды. Осылайша, жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе жетім балаларға жәрдемдесудің жаңа жүйесін қалыптастырды. Елде тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Мұнымен қатар, елде бірінші болып жетім балаларды қорғайтын заң шығару туралы бастама көтерді.

"Бала күнімде шамадан тыс жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы маған қарағанда ақылды әрі маңызды болып көрінетін. Актриса болуды армандап, "Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой" деп пайымдадым. Бақытыма орай жас келген сайын "Балақайдың" арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым", - дейді Сара Алпысқызы.

Сонымен қатар, ол "Өмір әдебі" кітабында армандаған мамандық иесі бола алмағанын жасырмады.

"Актриса болмағаным рас. Бірақ, өмірімді бұрмалап көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Нақтырақ айтатын болсам, адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жандүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен" деп жазды Сара Алпысқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары