Бүгін «Хабар» және «24kz» арналарының тікелей эфирінде Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде осы жылдың бірінші қыркүйегінде бастау алатын Мүлікті жария ету акциясына байланысты арнайы жоба өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.
90 минут ішінде көрермендер осы тақырыпқа байланысты маңызды ақпарат алады. Сондай-ақ тікелей эфирде астанадағы 553-705 нөміріне қоңырау шалып немесе legalization.kz@, minfin.gov.kz порталы арқылы сауалдарды жолдауға болады.
Жоба аясында бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Сауалдарды сондай-ақ электронды Үкімет порталы арқылы да жолдауға болады.
Тікелей эфир Астана уақытымен 21 сағат 30 минутта басталады.