Қапшағай қаласындағы 32363 аэроұтқыр әскери бөлімінде келісімшарт негізінде әскери қызметін өтеп жүрген 24 жастағы кіші сержант қарауыл кезінде өзінің басынан атып мерт болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Кіші сержанттың денесін оны алмастыруға келген әріптесі тауып алған. Алдын-ала болжам бойынша кіші сержант Қазақпаев немере әпкесінің күйеуі мен сүйген қызына кешірім сұрған смс хабарлама жіберіп, кешірім сұраған. Бұл өзінің шешімі екенін және анасына қарауын өтінген.
Белгілі болғандай, ол қаржы жағынан қиналып жүрген анасының несиесін төлеп келген. Ал, немере ағасының айтуынша ол осыған дейін екі рет өмірмен қоштаспақ болып, қолының тамырын қиған. Алайда, оны аман алып қалудың сәті түскен екен.
Қарулас серіктерінің сөзінше ол тәртіпті қызметкер ретінде, командирлерімен және жеке құрам сарбаздарымен жанжалдаспаған. Қазір аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.