$ 443.85  474.3  4.8

Қостанайда зейнеткер өзін өртеп жіберді

67 жастағы қала тұрғыны облыстық аурухананың реанимация бөлімінде күйіктің салдарынан қайтыс болды. Ол 28 қаңтар күні отбасылық жанжалдан соң өзін-өзі өртеп жіберген. Бұл туралы «Наш Костанай» басылымы жазады.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаевтың сөзінше зейнеткердің денесінің 90 пайызын күйік шалған. Қайғылы оқиға полицияның сотқа дейінгі тіркеу реестірінде «Өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлеу» фактісі бойынша тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүруде.

Көршілерінің сөзінше зейнеткер психикалық тұрғыдан ауытқымаған, жұбайымен бірге қыздарынан бөлек пәтерде тұрған екен. Бірақ 28 қаңтар күні қызымен арада болған ұрыстан соң, өзін өртеп жіберген.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары