14.02.2020, 12:40

«Елімізде мұғалім мамандығы сұранысқа ие болмай тұр» - Асхат Аймағамбетов

Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМ-мен бірқатар нақты шаралар қабылданды.

Бүгінгі таңда ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр, деп жазады BAQ.KZ

"Еліміз бойынша 5000 мұғалім жетпейді. Бүгінгі таңда 145 мың студент педагог мамандықтары бойынша оқып жатыр. Жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарын 40 мың түлек тәмамдағанмен, педагог тапшылығы мәселесі шешімін таппай келеді. Неге? Біріншіден, түлектер мектепке жұмыс істеуге барғылары келмейді, екіншіден - ынталандыру төмен", - деді Асхат Аймағамбетов.

Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМ-мен бірқатар нақты шаралар қабылданды. Мәселен, 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 60 балға дейін өсті (бұрын 50 балдан кем емес болатын). Ендігі кезекте 2020 жылы шекті балды 70 балға дейін арттыру жоспарлануда.